Алматыда учаскелік полиция инспекторы әкімшілік учаскені аралау кезінде күдікті жапсырмаларды анықтады. Тексеру барысында QR-кодтар пайдаланушыларды есірткі тарататын және есірткі ресурсының жарнамасы орналастырылған сайтқа бағыттайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Талғар ауданының 25 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты, есірткіге тәуелді.
Ұстау кезінде ер адамнан одан әрі таратуға дайындалған QR-кодтары бар ондаған типографиялық жапсырмалар тәркіленді.
Факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Полиция тұрғындарды сақ болуға шақырды. Есірткі ресурстарының жарнамасы бар осындай жапсырмаларды тапқан жағдайда, азаматтардан мүмкіндігінше оларды өз бетінше жою немесе 102 телефоны арқылы хабарлау сұралады. Құқық қорғау органдарының айтуынша, әрбір жойылған QR-код тыйым салынған заттардың таралуын шектеуге көмектеседі.
Дереккөз: Zakon.kz