...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда есірткі сататын сайтқа сілтейтін QR-кодтар табылды

Алматы полициясы қала бойынша есірткі сататын сайтқа сілтейтін QR-кодтары бар жапсырмаларды таратып жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Түрксіб ауданындағы әкімшілік учаскені аралау кезінде учаскелік полиция инспекторы көшеде QR-кодтары бар жапсырмаларды тапқан.

Тексеру көрсеткендей, олар есірткі таратылатын және есірткі сайттарының жарнамасы орналастырылатын интернет-ресурсқа апарған.

Кейінгі тексеру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол 25 жастағы жұмыссыз, Талғар ауданының тұрғыны болып шықты, есірткіге тәуелді.

Ұстау кезінде ер адамнан одан әрі таратуға дайындалған QR-кодтары бар ондаған типографиялық жапсырма алынды.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Егер сіз осындай есірткі ресурстарының жарнамасы бар жапсырмаларды тапсаңыз, мүмкіндігінше оларды өзіңіз алып тастаңыз немесе 102 телефонына дереу хабарлаңыз. Әрбір жойылған QR-код – есірткі таратудың тағы бір жабылған жолы, – деді полиция қала тұрғындарына.

Дереккөз: Nur.kz