Алматыда полиция қызметкерлері шерингтік электросамокаттардың жаңа пайдалану талаптарын сақтауын тексерді, деп хабарлады мегаполис Полиция департаментінде. Ведомствоның мәліметінше, сервистердің бағдарламалық жасақтамасы тротуарлар мен веложолдарда жылдамдықты автоматты түрде шектейді. Сонымен қатар тексеру барысында жекелеген бұзушылықтар анықталды. Олар бойынша шерингтік сервис операторларына нұсқамалар беріледі. Егер талаптар орындалмаса, компанияларға заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Біз шерингтік компаниялардың жаңа талаптарды қалай орындап жатқанын тексердік. Жылдамдық шектеулерінің шынымен жұмыс істейтініне көз жеткіздік. Сонымен қатар жойылуы тиіс жекелеген кемшіліктер анықталды. Бақылау жалғасады», — деді Алматы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ногайбаев.
Сонымен қатар полицейлер пайдаланушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, электронды үкімет порталы арқылы міндетті идентификация жұмысын тексеріп, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ электросамокаттарды анықтады. Мұндай жеке ұтқырлық құралдары мамандандырылған тұраққа эвакуацияланды. Полицияда электросамокаттарды пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау жалғасатынын атап өтті.
Дереккөз: Inalmaty.kz