...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда электромобильдерді тегін тұрақтан айыру ұсынылды

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Бейбіт Апсенбетов электромобильдерді тегін тұрақ құқығынан айыруды ұсынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Мәслихаттың кезекті сессиясында Апсенбетов бұл ұсынысты Алматы жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диқанбаев ақылы тұрақтарға қатысты жаңалықтарды айтқаннан кейін білдірді. Диқанбаев электромобиль иелерінің тұрақ ақысынан босатылғанын еске салды.

«Принцип шатастырылған – электромобиль кеңістікті алып жатқан нысан ретінде қарапайым автомобильден еш айырмашылығы жоқ. Сондықтан бәрі төлеуі керек, менің ойымша. Электромобиль жасыл аймаққа немесе басқа аймақтарға кіру кезінде жеңілдік алуы керек. Жыл сайын олардың саны өседі, бюджет үшін бұл үлкен жүктеме. Менің ойымша, бұл тармақты алып тастау керек. Электромобильдер де басқалар сияқты төлеуі тиіс», – деді Апсенбетов.

Бұған Диқанбаев мұндай шара қарастырылуы мүмкін екенін айтты. «Электромобильдер жеңілдік санатына кіреді. Бұл шара қала тұрғындарын электромобиль сатып алуға және экологиялық көлік түріне көшуге ынталандыру үшін қабылданған. Қазір қалада 730 мың автомобиль тіркелген, оның 17 мыңы – электромобиль. Егер бұл көрсеткіш өссе, біз міндетті түрде осы мәселеге қайта оралып, сіздің ұсынысыңызды қарастырамыз», – деді басқарма басшысы.

Дереккөз: Nur.kz