...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда экологтар шығарынды нормасынан асқан 200-ге жуық автокөлікті анықтады

Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру аясында экологиялық стандарттардың сақталуына мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Мониторингті «Eco Almaty» ЖШС қызметкерлері қалалық полиция департаментімен бірлесіп жүргізді.

2026 жылғы 1-29 маусым аралығында жылжымалы экологиялық зертханалар 778 автокөлік құралын шығарынды газдардың уыттылығы мен түтінділігінің белгіленген нормаларына сәйкестігіне тексерді.

Тексеру қорытындысы бойынша 194 көлік құралында белгіленген экологиялық нормативтерден асып кету анықталды. Оның 106-сы бензин қозғалтқышы бар автомобильдер, 86-сы дизельді және 2-і газ қозғалтқышы бар автомобильдер.

«Eco Almaty» мәліметінше, мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі және қаладағы атмосфералық ауаның ластануының маңызды көздерінің бірі — автокөліктен шығарындыларды азайту жөніндегі шаралар кешенінің бөлігі болып табылады. Жылжымалы экологиялық зертханалардың жұмысы жалғасуда.

Еске салайық, 2025 жылдың соңында Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидалары қабылданды.

Бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев өткен жылы Алматыда 189 мың тонна ластаушы заттар тіркелгенін хабарлады. Статистикаға сәйкес, автомобильдерден шығатын шығарындылар 112 мың тоннаны немесе Алматыдағы шығарындылардың 60%-ын құрайды.

Дереккөз: Inform.kz