...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда экологиялық бұзушылықтар үшін 34 млн теңге айыппұл салынды

Алматыда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік экологиялық бақылау қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алты ай ішінде инспекторлар 125 тексеру жүргізіп, экологиялық заңнаманың 58 бұзушылығын анықтады, оларды жою бойынша 28 нұсқама беріп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 165 хаттама толтырды.

Алматы қаласы экология департаментінің басшысы Дінмұхамед Лесбековтың айтуынша, 162 әкімшілік айыппұл салынып, жалпы сомасы 34 млн теңгеге жуық, оның 19,5 млн теңгеден астамы өндірілген. Сонымен қатар, жекелеген бұзушылықтар бойынша сот айыппұл тағайындаған, ал бір жағдайда кәсіпорын қызметі алты айға тоқтатылған.

Есепті кезеңде жедел штаб 13 ретсіз қоқыс үйіндісін анықтаған, оның төртеуі жойылған.

— Жол картасының барлық іс-шаралары қалаға экологиялық жүктемені біртіндеп азайтуға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ең өзекті мәселелерді шешуге бағытталған, — деп атап өтті Дінмұхамед Лесбеков.

Сондай-ақ, бірінші жартыжылдықта табиғат пайдаланушылар табиғат қорғау іс-шараларын іске асыруға 1,25 млрд теңгеден астам қаражат бөлген, оның 453 млн теңгеден астамы игерілген.

Дереккөз: Inform.kz