Алматы полициясы әлеуметтік желіде тараған «байланбаған пакетке» айыппұл салынды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция мәлімдеуінше, автоматты тіркеу материалдары бойынша шешімдер тек дәлелдемелердің толық кешені, оның ішінде бейнежазбалар мен басқа да тіркеу материалдары негізінде қабылданады.
Әрбір азамат әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған қаулымен келіспеген жағдайда, оны заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті органға не сотқа жүгіну арқылы шағымдануға құқылы, — делінген хабарламада.
Бұған дейін бір алматылық рульде телефонды пайдаланғаны үшін айыппұл келгенін, бірақ ол құлағын ғана қасығанын айтқан болатын.
Дереккөз: Zakon.kz