...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Бутаковкадағы 17 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматыда су қорғау аймағында орналасқан 17 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Олардың барлығы Медеу ауданында, бұрын Бутаковка деп аталған Мұзтау маңындағы Бекенбай өзенінің арнасының су қорғау аймағында жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің мәліметінше, мұндай шешімді сот қабылдаған. Жер телімдерінің жалпы ауданы 7,7 гектардан асады. Бұл – әкімдіктің жер пайдалану мониторингі бойынша жүйелі жұмысының нәтижесі. Тексеру барысында аталған жер телімдеріндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспорттарын ресімдеу кезінде бұзушылықтар анықталған.

«Жер телімдерін қайтару Алматы қаласы әкімдігінің жер пайдалану мониторингі бойынша жүйелі жұмысының нәтижесі болды. Тексеру барысында аталған жер телімдеріндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспорттарын ресімдеу кезінде бұзушылықтар анықталды», – деді әкімдікте.

Тексеруден кейін Жер ресурстарын басқару департаменті осы телімдерге сәйкестендіру құжаттарын жою туралы нұсқама берген. Нұсқама орындалмаған соң, департамент сотқа жүгінген. Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап толық көлемде қанағаттандырылды. Сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

«Алматы қаласының әкімдігі жер телімдерін заңсыз ресімдеу фактілерін анықтау және оларды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда», – деп қосты әкімдікте.

Дереккөз: Nur.kz