...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда бұрынғы әйелін қудалаған ер адам сотталып, 100 сағат қоғамдық жұмыс жасайды

Алматы қаласының тұрғыны бұрынғы күйеуінің қудалауына шағымданып, полицияға жүгінді. Полиция қызметкерлері дереу шара қолданып, қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Іс материалдары сотқа жолданып, сот шешімімен ер адамға 100 сағат қоғамдық жұмыс жасау және пробациялық бақылауға алу жазасы тағайындалды.

Ішкі істер министрлігі (ІІМ) сталкинг – бұл адамның еркіне қарсы онымен байланысуға немесе оны бақылауға тырысудан көрінетін заңсыз қудалау екенін ескертеді. Қазақстанда бұл үшін жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 115-1-бабында қарастырылған.

Дереккөз: Zakon.kz