...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда бірнеше автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді

Алматыда жөндеу жұмыстарының аяқталуына және кейбір көше бөліктерінің жабылуына байланысты бірқатар автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

23 қыркүйектен бастап Төле би көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жекелеген бөліктері жабылуына байланысты № 119 бағыттың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Автобус Гоголь көшесімен жүреді.

Сондай-ақ 23 қыркүйектен бастап Рысқұлов даңғылынан Орталық көшесіне кіретін жолдың жабылуына байланысты № 53, № 109 және № 115 бағыттардың қозғалыс сызбалары өзгереді. № 53 бағыт Айналмалы көшесімен жүріп, Орталық көшесіне шығады.

Бұған қоса, Тоқтабаев көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты № 59, № 63 және № 119 автобус бағыттарының бұрынғы қозғалыс сызбалары қалпына келтіріледі.

Сондай-ақ Қала күніне орай мерекелік іс-шаралар кезінде өзгертілген № 16, № 37, № 48, № 126, № 201, № 205, № 206, № 209, № 210 және № 224 бағыттардың бұрынғы қозғалыс сызбалары да қалпына келтіріледі.

Еске салайық, 13 қыркүйектен бастап № 51 бағыттың қозғалыс сызбасы тұрақты негізде өзгерді. Толығырақ осында оқи аласыз.

Сонымен қатар Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі бөлігінде қозғалыс ашылады.