Алматыда 11 жасар қыз тауда серуендегеннен кейін жансақтау бөліміне жатқызылды, дәрігерлер жәндік немесе жануар шаққанын, оның ішінде жылан шағуы мүмкіндігін жоққа шығармайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 19 қыркүйекте 11 жасар қыз тауда серуендеу кезінде белгісіз жәндік немесе жануар шаққаннан кейін Алматының балалар жедел медициналық көмек орталығына жеткізілген. Ата-анасы баланы нақты кім шаққанын анықтай алмаған.
Ведомствоның дерегінше, қыз қаралған кезде көз аймағында ісіну, әлсіздік, ұйқышылдық, сондай-ақ шаққан жері — сол жақ табанында ісіну байқалған. Дәрігерлер тексеруден кейін баланы жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызуға шешім қабылдаған.
«На момент обращения у девочки наблюдались отек в области глаза, вялость, сонливость, а также отек левой стопы в области укуса. После осмотра врачами было принято решение о госпитализации в отделение реанимации и интенсивной терапии. Врачи не подтверждают, что ребенка укусила именно гадюка, однако такую возможность не исключают. По имеющейся информации, это первый зарегистрированный в Алматы случай, когда рассматривается возможность укуса змеи», — уточнили в УОЗ.
Дәрігерлер баланы нақты улы жылан шаққанын растамайды, алайда мұндай ықтималдықты жоққа шығармайды. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, бұл — Алматыда жылан шағуы мүмкіндігі қарастырылып отырған алғашқы тіркелген жағдай.
Клиникалық көріністер мен улы жылан шағу қаупін ескере отырып, балаға бір доза противожыландық сарысу енгізілген.
«При этом важно подчеркнуть: сыворотка не заказывалась из Узбекистана, как утверждалось в соцсетях. Необходимый препарат имелся в стационаре на момент поступления ребенка и имеется в наличии в настоящее время. После введения первой дозы у девочки отмечается положительная динамика состояния. В настоящее время состояние ребенка стабильное. Она продолжает находиться под наблюдением специалистов и получает необходимое лечение», — сообщили в ведомстве.
Сонымен қатар дәрігерлер қосымша сарысу дозалары медициналық көрсеткіштерге, клиникалық көрініске және науқас жағдайының динамикасына қарай енгізілетінін хабарлады. Жағдай жақсарған және көрсеткіш болмаған жағдайда сарысуды қайта енгізу жүргізілмейді.
«Необходимая противозмеиная сыворотка имеется в медицинских организациях города, в том числе в травматологических пунктах», — сообщили в УОЗ.
