...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда бірқатар тұрғын үй кешенінде су уақытша өшіріледі

Наурызбай ауданында 9 маусымда су беру уақытша шектеледі. Жұмыстар Шұғыла шағын ауданын, бірқатар тұрғын үй кешенін және әкімшілік ғимараттарды қамтиды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Алматы Су» ШЖҚ МКК мәліметінше, 9 маусымда сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Наурызбай ауданында суық су беруде қысқа мерзімді шектеулер болады. Шектеулер Абай және Алатау даңғылдары, Сабденов және Строительная көшелерінің аралығындағы аумақты, сондай-ақ Сабденов көшесі, Алатау даңғылы, жобаланатын Ұлықбек көшесі және Нұрлы Тан көшесі арасындағы учаскені қамтиды.

Жұмыс аймағына Shugyla, Shugyla City, Alem City, Ulytau, Sensata City тұрғын үй кешендері, Достық коттедж қалашығы, сондай-ақ Наурызбай ауданы әкімдігінің әкімшілік ғимараттар кешені кіреді.

Компанияда жоспарлы-профилактикалық іс-шаралар ауданды одан әрі тұрақты және сенімді сумен қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдап, қажет болған жағдайда суды алдын ала жинап қоюды сұрайды.

Дереккөз: Inalmaty.kz