...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 9 маусымда 8 сағатқа су өшеді: аймақтар тізімі

9 маусым 2026 жылы сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Наурызбай ауданындағы Шұғыла шағынауданында су беру уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шектеу келесі контурларда болады: Абай даңғылы – Алатау даңғылы – Сәбденов көшесі – Құрылысшы көшесі; Сәбденов көшесі – Алатау даңғылы – Нұрлы таң көшесі; Шұғыла, Шұғыла сити, Alem City, Ulytau, Sensata City тұрғын үй кешендері және Достық коттедж қалашығы; Наурызбай ауданы әкімдігінің әкімшілік ғимараттар кешені.

Мамандар жоспарлы-профилактикалық жұмыстар қаланың осы аудандарын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Тұрғындарды уақытша қолайсыздықты түсіністікпен қабылдап, сұрақтар бойынша 274-66-66 телефонына қоңырау шалуды сұрады.

Дереккөз: Zakon.kz