...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда бірегей ұшатын госпиталь таныстырылды: Қазақстан Орталық Азияда бірінші болды

Қазақстан Орталық Азияда халықаралық медициналық миссияны іске қосқан алғашқы ел болды. Алматыда C909 ұшатын госпиталінің Орталық Азиялық миссиясының ресми тұсаукесері өтті. Бұл әлемдегі алғашқы мамандандырылған авиациялық медициналық кешен, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әуе лайнері – әлемдегі алғашқы мамандандырылған әуе медициналық кешені, ол офтальмологиялық және ЛОР көмек көрсету үшін жасалған. Бортта жолаушылар орындықтарының орнына толыққанды медициналық орталық орналасқан, онда ұшу кезінде диагностика, хирургиялық операциялар мен емдеу жүргізуге мүмкіндік беретін интеллектуалды жүйелер бар.

«C909 бортында шағын хирургиялық араласулар мен оқу тренингтерін өткізуге болады. Болашақта қазақстандық дәрігерлер бұл ұшақты ауылдық аймақтарға шығу үшін пайдаланып, көз ауруларымен ауыратын науқастарға көмектесіп, олардың денсаулығын қалпына келтіреді деп үміттенеміз», – деді Фудань университетінің оториноларингология және офтальмология ауруханасының президенті Чжоу Синьтао.

Дәл Қазақстан Орталық Азияда осы халықаралық миссия жүзеге асырылатын алғашқы ел болды. Бұған дейін әуе госпиталі Қытайда сынақтан өтіп, Лаосқа алғашқы шетелдік рейсін жасады. Авиакешеннің тұсаукесерінен басқа, тараптар медициналық білім және офтальмология саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.

«Бұл біздің елімізге не береді? Бұл офтальмологияны жаңа халықаралық деңгейге шығару. Осының арқасында біз көз ауруларын диагностикалау мен емдеу деңгейін мүлдем жаңа деңгейге көтере аламыз, яғни қазір біз үшін қарым-қатынасқа ешқандай шекара болмайды», – деп атап өтті Халықаралық көзді қорғау орталығының директоры Құралай Қайназарова.

«Бұл «Әуе Денсаулық Жібек жолы» халықаралық бастамасы аясындағы біздің елдер үшін өте маңызды жоба. Қол қойылған келісімдер ынтымақтастықты, академиялық ұтқырлықты дамытуды, бірлескен ғылыми зерттеулерді және денсаулық сақтау саласына инновациялық технологияларды енгізуді айтарлықтай кеңейтетініне сенімдіміз», – деді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы Сүндетғали Қалмаханов.

Жақын күндері Алматыда халықаралық конференциялар, пациенттерге кеңес беру, 5G технологиясын қолданатын телемедициналық сеанстар және күрделі клиникалық жағдайларды бірлесіп талдау өтеді.

Дереккөз: Almaty.tv