...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда бір тәулікте 1789 жол ережесін бұзу тіркелді: негізгі себептер

Алматыда өткен тәулікте жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1789 дерегі анықталды, оның 186-сы жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндірді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала прокуратурасының Instagram-парақшасындағы мәліметке сүйенсек, ең көп бұзушылық — 69 жағдай — қауіпсіздік белдігін тақпауға қатысты. Тағы 61 дерек қауіпті маневр жасау, ал 29 жағдай рульде ұялы телефонды қолдану фактілері бойынша тіркелген.

Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтардың қатарында:

• мас күйінде көлік жүргізу — 13 факт;

• қарама-қарсы бағыттағы жолаққа шығу — 10 факт;

• жалған мемлекеттік нөмірмен жүру — 3 факт;

• жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік басқаруы — 1 факт.

Бұдан бөлек, 56 көлік құралы арнайы тұраққа қамауға алынды.

Дереккөз: Nur.kz