8 тамызда Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларында, сондай-ақ түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл жер бетіндегі ауа қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру керек.
Сондай-ақ «Қазгидромет» Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялады.
Дереккөз: Zakon.kz
