Алматыда жаңа көрікті жер – гүлді павлин пайда болды. Көлемді топиарлық құрылыстың биіктігі 2,5 метр, ал серуендеу аймағы бойымен 30 метрге созылған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Мамандардың айтуынша, гүлді қауырсындар целозия, петуния, цинерария және альтернантерадан құралған.
«Павлин» сұлулықтың, сымбаттылықтың және табиғи әртүрліліктің символы ретінде ойластырылған, — делінген Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұған дейін қаланың Ботаникалық бағында аңызға айналған «жауынгер шөбі» көрсетілген еді. Мыңжапырақ туралы осы сілтемеден біле аласыз.
Дереккөз: Zakon.kz
