Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, аумақтардың көліктік байланысын қамтамасыз ету үшін Баймағамбетов көшесі, Күлжа трактісі, Бұқтарма көшесі мен Рысқұлов даңғылы алаңында жалпы ұзындығы 17,5 км жол салу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Мамандардың айтуынша, бұл көліктік байланысты ұйымдастыру үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (БАКАД) одан әрі қосылу үшін қажет.
Жоспарланған магистраль жеке сектор арқылы өтетіндіктен, мемлекеттік қажеттіліктер үшін мәжбүрлі түрде сатып алуға 200-ге жуық жер учаскесі ілігеді.
Қалалық әкімдік тиісті қаулы қабылдап, жылжымайтын мүлік иелеріне хабарламалар жіберілді.
Дереккөз: Zakon.kz