
Әлеуметтік желіде Алматыдағы аялдамада егде жастағы әйелге ер адамның шабуыл жасағаны туралы бейнежазба тарады. Жәбірленуші қылмыскердің заң бойынша ең қатаң жазаға тартылуын талап етеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Бостандық аудандық полиция басқармасының әйелге шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.
Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында күдіктінің бұрын адам өлтіргені және денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталған 25 жастағы ер адам екенін жазды. Сол кезде сот оның үйі мен отбасын қорғағанын анықтап, қажетті қорғаныс шегінен асып кетіп адам өлтіргені және қажетті қорғаныс шегінен асып кетіп денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін 2 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарған.
Бұған дейін Алматыдағы тұрғын үй кешенінің аумағында ер адам пышақпен жүріп, өтіп бара жатқандарды қуған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz