Қалада көшелерді суару және ауаны аэрациялау ұйымдастырылды. Әкімдіктің хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 16-20 шілде аралығында Алматыда аномальды ыстық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Осы кезеңде магистральды көшелер мен жаяу жүргіншілер қозғалысы қарқынды учаскелерде жолдарды су шашырату (аэрация) арқылы суаратын 16 колонна арнайы техника жұмыс істейді. Жұмыстар күннің ең ыстық сағаттарында жүргізіліп, қаланың 128-ден астам көшесін қамтиды.
Сонымен қатар, жолдарды, тротуарларды, аялдама павильондарын және қала инфрақұрылымының басқа да нысандарын жуу үшін 500-ден астам бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
Ауа райы болжамы бойынша, 18 шілдеде Алматыда ауа температурасы +40+42°C-қа дейін жылиды.
Дереккөз: Zakon.kz