Бүгін таңертең Алматыда автокран жол апатына ұшырады — жүк көлігі өздігінен қозғалып кеткен. Оқиға салдарынан жүргізушіге медициналық көмек қажет болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апаты бүгін сағат 7:20-да оңтүстік астананың Медеу ауданында тіркелген.
«МАЗ» жүргізушісі өз көлігінің қозғалыссыздығын қамтамасыз етпеген, салдарынан автокран өздігінен сырғанап кеткен. Басқарылмай қалған жүк көлігі алдымен бетон блокқа соғылып, кейін арық жүйесіне қарай жылжи берген.
Жүргізуші «МАЗ-ды» тоқтатуға тырысқан кезде дене жарақатын алды — оған медициналық көмек көрсетілді.
Қазіргі уақытта аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиға мән-жайын анықтап жатыр.
