...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Қоғам

Алматыда Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

Алматыда Республика күніне арналған салтанатты концерт ұйымдастырылып, оған музыка, хореография, поэзия және заманауи сахналық қойылымдар бір арнаға тоғысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Кеш бағдарламасы көрермендерге ерекше әсер сыйлап, жарқын көңіл-күй сыйлады. Сахнада Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Рамазан Стамғазиев, Тамара Асар, Дастан Оразбеков, Медеу Арынбаев, Мейрамбек Беспаев, Ғазизхан Шекербеков, Берқұт пен Айша, «МузАрт лайф» тобы және өзге де танымал әншілер өнер көрсетті.

Олардың орындауында туған өлке, туған ел және Алматы туралы әндер шырқалды. Концерттік бағдарламада Отанға деген сүйіспеншілік, халықтың бірлігі мен ынтымағы, тәуелсіздіктің құндылығы және ұлттық дәстүрлерді сақтау тақырыптары көрініс тапты.

Әсерлі музыкалық нөмірлер мен сахналық қойылымдар көрермендердің бойында патриоттық сезім оятып, нағыз мереке атмосферасын қалыптастырды.