...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы Сингапурдағы ITB Asia 2026 көрмесінде таныстырылды

Алматы қаласы Сингапурде өткен ITB Asia 2026 халықаралық туристік көрмесінде таныстырылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Азияның туристік нарығындағы ірі шаралардың бірі саналатын бұл көрмеге Алматы өкілдері қатысып, қаланың туристік әлеуетін ұсынды.

ITB Asia — Азия өңіріндегі туризм индустриясының негізгі кездесу алаңдарының бірі. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген туроператорлар, агенттіктер және басқа да сала мамандары бас қосады.