
Медеу ауданында Audi көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес жаяу жүргінші зардап шегіп, бірнеше тұрақта тұрған көлік зақымданды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бүгін сағат 8:20-да Алматы қаласының Медеу ауданында зардап шеккендермен жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Audi көлігінің жүргізушісі Зенков көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, жолдың жүру бөлігінде болған бес жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Осыдан кейін көлік қозғалысын жалғастырып, жол жиегінде тұрған Toyota-ға соғылған. Соқтығысу кезінде Toyota жүргізушісі көлік салонынан тыс жерде болған. Соққыдан Toyota инерция бойынша қасында тұрған Subaru көлігін соққан, оның жүргізушісі де көліктен тыс жерде болған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан бес адам зардап шекті. Барлық зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Оқиға мән-жайы анықталып жатыр.
Дереккөз: Inalmaty.kz