Алматыда Төле би көшесін салуға байланысты Ашимов көшесінің бір бөлігінде жол қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, 24 шілде сағат 23:00-ден 26 шілде сағат 15:00-ге дейін Құлыбеков көшесінен Машан көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылады. Жұмыс жүргізілетін жерде ескерту жол белгілері мен мердігер ұйымның байланыс деректері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.
Жүргізушілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады.
Дереккөз: Inalmaty.kz