Алматылықтар арықтарды бетон плиталарымен жабуға қарсы петиция бастады, өйткені экологтар бұл шешім ағаштарға зиян келтіріп, ағынды сулардың жолға шығуына әкелуі мүмкін деп болжады. Осыған байланысты Дінмұхамед Лесбековтен арықтарды плиталармен жабудың экологияға әсері зерттелген бе деп сұрады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Спикерден арықтарды жабудың экологияға әсері туралы сараптамалық пікірін білдіруін өтінді.
Ол Алматы қаласы бойынша Экология департаменті бұл мәселені бақылауда ұстап, мониторинг пен зерттеу нәтижелері бойынша міндетті түрде ақпарат беретініне сендірді.
Бұған дейін Алматының кейбір көшелерінде арықтарды жабу жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланған болатын. Осыған байланысты қала тұрғындары әлеуметтік желілерде таңданыс пен наразылық білдірді. 2026 жылғы 7 шілдеде оңтүстік астана әкімдігі арықтарға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Дереккөз: Zakon.kz