Синоптиктердің болжамынша, 21 шілдеде ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріледі, алайда келесі күннен бастап бірнеше градусқа төмендеп, жаңбыр мен найзағай ықтималдығы сақталады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
21 шілдеде айнымалы бұлттылық күтіледі. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай өтеді. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +25…+27 градус, күндіз күшті ыстық +34…+36 градус сақталады.
22 шілдеде айнымалы бұлттылық, кейде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде +20…+22 градус, күндіз температура +28…+30 градусқа дейін төмендейді.
23 шілдеде ауа райының сипаты айтарлықтай өзгермейді: синоптиктер айнымалы бұлттылық, кейде жаңбыр мен найзағайды болжайды. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22 градус, күндіз +28…+30 градус.
Дереккөз: Inalmaty.kz