...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда «Алатау» театрының 10 жылдығына арналған фестиваль өтеді

Алматыда «Алатау» театрының құрылғанына 10 жыл толуына орай театр фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Фестивальдің салтанатты ашылуы 15 қарашада өтеді. Шараға Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген театр ұжымдары қатысып, көрерменге әр жанрдағы таңдаулы қойылымдарын ұсынады.

Қатысушылар қатарында Жезқазған, Астана, Талдықорған, Қызылорда, Қарағанды және Батыс Қазақстан облысының театрлары, сондай-ақ Алматының шығармашылық ұжымдары бар.

Фестиваль бағдарламасына «Мәмлүк», «Войцек», «Сәйгүлік», She Is Aiel, «Жабайы алма», «Найзағай», «Қорғансыз», «Томирис», «Ортеке», «Ромео и Джульетта» және «Гүлге ұмтылған екеу» қойылымдары енді.

Сонымен қатар фестиваль аясында «Дәстүрлі өнер және заманауи театр кеңістігі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Оған қатысушылар ұлттық театр өнерінің даму бағыттарын және қазіргі театр үдерісінің өзекті мәселелерін талқылайды.