...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы көмірден бас тартады: қаладағы базаларға жеткізу қашан тоқтайды

Алматыдағы көмір базаларына теміржолмен жеткізу 2026 жылдың соңына дейін тоқтатылып, қала ішіндегі алаңдардың жалдау шарттары бұзылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Экология мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында көмір базаларын Алматыдан Алматы облысына көшіру жөніндегі тапсырманың орындалу барысы қаралды.

«2026 жылдың соңына дейін теміржол көлігімен қалалық базаларға көмір жеткізуді тоқтатып, қолданыстағы алаңдардың жалдау шарттарын бұзуды аяқтау жоспарланып отыр», — деді әкімдікте.

Сонымен қатар бизнесті қатты отыннан газға көшіру жалғасуда. 2 395 нысанның 1 879-ы газға ауысқан, тағы 516 нысан көмір мен қатты отынның басқа түрлерін пайдалануды жалғастырып отыр.

«Жеке секторды газдандыру деңгейі 99,6%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш үйлерді табиғи газға қосуға техникалық мүмкіндікті білдіреді. Жұмыс ауаның ластануын азайту және шығарындылар деңгейі төмен аймақты (LEZ) кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі шаралар аясында жүргізіліп жатыр», — деп қосты ведомствода.