
23 сәуірден бастап Алматыда Әл-Фараби даңғылы мен Мендіқұлов көшесінің қиылысында орта қысымды газ құбырын жоспарлы қайта жаңарту жұмыстары басталады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Алматы өндірістік филиалы мәлімдеді. Жоба аясында құбыр жолдың астынан өтетін тесу әдісімен тартылады.
Компанияда атап өткендей, барлық жұмыс тротуар аймағында жүргізіліп, Әл-Фараби даңғылындағы көлік қозғалысына кедергі келтірмейді. Жолды жабу жоспарланбаған.
Қайта жаңартуды сәуір айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Компания бұл жоба газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталғанын және қала инженерлік инфрақұрылымын дамыту үшін маңызды екенін атап өтті.
Алматы тұрғындары мен қонақтарын жұмыс жүргізуге байланысты уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауға шақырамыз, — делінген хабарламада.
Дереккөз: Inalmaty.kz