Алматыда көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері мамандар 32,3 мыңнан астам ағашты санитарлық кесу жүргізді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Бүгінгі күні жылдық жоспардың 46% орындалды. Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша жұмыс көлемі екі есеге — 140 мың ағашқа дейін ұлғайтылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қазір санитарлық кесу қаланың негізгі магистральдары мен көлік дәліздерінде жүргізілуде. Жұмыстарға 32 мамандандырылған бригада, 160 қызметкер және 34 бірлік техника, оның ішінде 18 автогидрокөтергіш жұмылдырылған.
Сонымен қатар, жыл басынан бері Алматының барлық сегіз ауданында 8,7 мың ағашқа қалыптастыру кесу жүргізілді. Әкімдікте мұндай жұмыстар көгалдандырудың денсаулығын сақтауға, қала көшелерінің сыртқы келбетін жақсартуға және жол қозғалысының қауіпсіздігіне ықпал ететінін атап өтті.
Дереккөз: Inalmaty.kz