Алматы полициясының департаменті мәлім еткендей, әйелді жеке тінту кезінде сыртқы түрі есірткі затына ұқсайтын жеті орама анықталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Тәркіленгеннің барлығы заттың құрамы мен массасын анықтау үшін сараптамаға жіберілді.
Бұл факті бойынша есірткі құралдарын заңсыз айналымға түсірді деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тәркіленген заттың шығу тегі мен оны таратудың ықтимал арналары анықталуда.
Бұған дейін Алматыда полиция қызметкерлері психотроптық заттардың ірі партиясын сақтады және сатты деген күдікке ілінген 56 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған болатын.
