...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 66 жастағы әйел таудан құлап, құтқарушылар көмек көрсетті

Алматыда құтқарушылар тау маршрутынан түсу кезінде жарақат алған әйелге көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап.

Қалалық ТЖД мәліметінше, оқиға теңіз деңгейінен 2 280 метр биіктікте болған. 1959 жылы туған әйел беткейден сырғанап құлап, аяғын шығарып алып, әрі қарай жүре алмаған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар зардап шеккен әйелге алғашқы көмек көрсетіп, оны таулы жерден эвакуациялаған. Төмен түсірілгеннен кейін әйелді ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасына медициналық мекемеге жеткізу үшін тапсырған.

Дереккөз: Inalmaty.kz