...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Биіктікте адасып қалған: Алматы тауында сегіз жасөспірім құтқарылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тауда сегіз жасөспірімге көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиға Бостандық ауданындағы Үлкен Алматы шыңы маңында болды. Жасөспірімдер тобы күні кеше таңертең теңіз деңгейінен 3681 метр биіктікке өз бетімен көтерілген. Алайда маршрут кезінде олар жолдан адасып, өздігінен түсе алмаған. Олар жедел қызметтерге жүгінген.

Хабарламаны алған соң құтқарушылар олардың орналасқан жерін жедел анықтап, көмекке шыққан. Оларға ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметі мен Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары көмекке келген. Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері жасөспірімдерді қауіпсіз маршрутпен ертіп, «Алма-Арасан» экобекетіне дейін аман-есен түсірген.

Ешкімге медициналық көмек қажет болмады.

Бұған дейін Алматы құтқарушылары «Қара сарқырама» ауданында 2650 метр биіктікте адасып қалған үш туристке көмектескен еді.

Дереккөз: Inform.kz