...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда +42°C ыстықта көшелерді сумен салқындатады

Алматыда аномальды ыстық кезеңінде көшелерді суару күшейтіліп, ауаны аэрациялау ұйымдастырылады. Қосымша шаралар 16-20 шілде аралығында қолданылады, синоптиктердің болжамы бойынша, температура кей жерлерде +42 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қала аумақтарын салқындату үшін қарқынды жаяу жүргіншілер қозғалысы бар магистралдар мен көшелерге жолдың үстінен су бүркетін 16 арнайы техника колоннасы шығады. Аэрация күннің ең ыстық сағаттарында жүргізіледі. Жұмыстар Алматының 128-ден астам көшесін қамтиды.

Сонымен қатар, қалада күнделікті санитарлық тазалау жалғасуда. Жолдарды, тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын және басқа да нысандарды жууға 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.

Әкімдікте суару мен аэрация жол төсемінің жанындағы ауа температурасын төмендетуге, шаңды азайтуға, асфальттың қызуын қысқартуға және экстремалды ыстық кезінде жол төсеміне түсетін жүктемені азайтуға көмектесетінін түсіндірді.

Дереккөз: Inalmaty.kz