...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 30 жылдық жылу желілерін ауыстыру үшін қозғалыс 2,5 айға шектеледі

Алматыда 21 мамырдан бастап 31 шілдеге дейін Рабиға Сыздық көшесінің бойында көлік қозғалысы шектеледі. Бұл — 1991 жылы пайдалануға берілген 300 метр жылу трассасын ауыстыруға байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметінше, алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Әуезов ауданында ескірген желілерді жаңарту жоспарланған. Қозғалыс екі бағытта да шектеліп, жұмыс кезінде тұрғындарға ыстық су беру тоқтатылмайды.

21 мамырдан 31 шілдеге дейін — Рабиға Сыздық көшесінің Мамыр-2 шағынауданындағы №12 үйден Мамыр-3 шағынауданындағы №25 үйге дейінгі учаскеде; 26 мамырдан 31 шілдеге дейін — Рабиға Сыздық көшесінің Бауыржан Момышұлы көшесінен Мамыр-1 шағынауданындағы №12 үйге дейінгі учаскеде қозғалыс шектеледі.

Қала тұрғындары мен қонақтары уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауға шақырылды.

Дереккөз: Zakon.kz