Биыл жазда Алматыда 294 мыңға жуық оқушы түрлі демалыс түрлерімен қамтылды, бұл 1-10 сынып оқушыларының 98,7 пайызын құрайды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Өткен жылмен салыстырғанда жазғы науқанмен қамту 4,3 пайызға артқан, деп атап өтті ведомствода.
Әлеуметтік осал санаттағы балаларға ерекше көңіл бөлінген. Жазғы демалыспен 3 537 бала қамтылды, оның ішінде жетім балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар және тәуекел тобындағы жасөспірімдер бар.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін балалар лагерлеріне төрт ведомствоаралық тексеру жүргізілді, әрбір нысанға полиция қызметкерлері бекітілді. Сонымен қатар, демалыс орындарында төтенше жағдайлар немесе буллинг фактілері кезінде шұғыл байланыс үшін QR-кодтар орналастырылған.
Дереккөз: Almaty.tv