...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда балалар алаңында шешініп, қырынған ер адам жауапкершілікке тартылды

Алматыда балалар ойын алаңында әдепсіз әрекет жасаған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Желіде Алматы тұрғынының шағымы тарады. Ол Станкевич көшесі, 9/11 мекенжайындағы үй маңындағы балалар алаңында азаматтардың әдепсіз әрекеттер жасап жүргенін хабарлаған.

«Жазылушының сөзінше, адамдар күн сайын жуынып, қырынып, ішімдік ішіп, дәрет сындырады. Ол сондай-ақ онда жыныстық қатынас болатынын айтады», — делінген жарияланымда.

Автордың сөзінше, осының бәрінен кейін де алаңда балалар ойнауды жалғастырып жүр.

NUR.KZ тілшісіне Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Түрксіб ауданындағы балалар ойын алаңындағы жол берілмейтін тәртіпке қатысты полиция шара қолданғанын мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында полиция қызметкерлері балалар алаңының аумағында ер адамның қырынып, үстіндегі киімін шешіп жатқаны түсірілген бейнежазбаны анықтады. Оның жеке басы анықталды. Жасаған әрекеті үшін ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді полицияда.

Жиналған материалдар процестік шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілді.

Алматы полиция департаменті қоғамдық кеңістіктер, әсіресе балалар алаңдары балалар мен отбасылардың қауіпсіз демалысына арналғанын еске салады. Жалпыға ортақ тәртіп нормаларын бұзатын және қоғамдық имандылықты қорлайтын мінез-құлыққа жол берілмейді.

«Заңда белгіленген тәртіппен бағаланған әрбір осындай факт заңнамада көзделген шараларға әкеп соғады», — деп ескертті азаматтарға.