...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 8 мыңнан астам тұрғын арнаулы әлеуметтік қызмет алды

Алматыда 2026 жылдың басынан бері мұқтаж азаматтар қатарынан 8 192 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Көмек ерекше қажеттілігі бар адамдарға, сондай-ақ қарт азаматтар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға көрсетіледі.

Стационар жағдайында 1 402 адам қызмет алды. Жартылай стационарлық форматта 1 399 азаматқа көмек көрсетілді. Үйде әлеуметтік қызметтерді 4 614 адам алды, оның ішінде жалғыз тұратын зейнеткерлер мен ерекше қажеттілігі бар адамдар бар.

Сонымен қатар, уақытша болу қызметтері 777 азаматқа көрсетілді, оның ішінде тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары және басқалар бар.

Қалада оларды әлеуметтік қолдау, оңалту және бейімдеу жұмыстары жалғасуда.

Дереккөз: Almaty.tv