Алматыда 294 мыңнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтылады. Бірінші ағында мыңнан астам бала демалды, биыл 2,5 мың әлеуметтік осал балаға қала сыртындағы лагерьлерге жолдама беріледі.
Алматы облысында ерекше білім қажеттілігі бар балаларға арналған алғашқы инклюзивті ауысым басталды. 10 күн бойы «Өрнек» лагерінде 65 оқушы демалып, арт, ғылым және экология бағыттары бойынша дамиды.