Алматыда 13-14 шілде аралығындағы түні Медеу ауданындағы жұмыс істемейтін бір қабатты қоғамдық тамақтану ғимараты өртеніп, өрт сөндірушілер оны ауыздықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Өрт туралы видео Instagram-дағы almatinec_live аккаунтында жарияланды. Кадрлар Гоголь мен Қайырбеков көшелерінің қиылысында түсірілген. Бейнежазбада жалын мен жоғары көтерілген түтін көрінеді. Өрт орнында бірнеше өрт сөндіру көлігі тұрып, арнайы дыбыстық сигналдар шығарған.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрт 13 шілде күні сағат 23:43-те басталып, келесі күні сағат 00:13-те сөндірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.
Дереккөз: Nur.kz