Алматыда президент атынан отандық БАҚ қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды вице-премьер – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыс етті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Құттықтау сөзінде вице-премьер 25 маусымда Ақордада өткен марапаттау рәсімінде мемлекет басшысының баспасөз қызметкерлеріне алғыс білдіріп, олардың еңбегіне жоғары баға бергенін атап өтті.
Аида Балаева мемлекет сала қызметкерлерін дәйекті түрде қолдап, олардың кәсіби өсуі мен әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін жағдай жасап жатқанын қосты.
Президенттің қолдауымен соңғы үш жылда Астанада 200 журналист жеке баспанамен қамтамасыз етілді. Биыл бұл бастама кеңейтіліп, бүкіл ел бойынша ақпарат саласының 66 қызметкері пәтер алады.
Сонымен қатар отандық журналистика сапасын арттыруға және шығармашылық ізденісті ынталандыруға бағытталған «Үркер» ұлттық сыйлығы мен «Тұмар» телевизиялық сыйлығы ерекше мәнге ие.
Марапаттау рәсімінде медиа саласының қызметкерлеріне «Парасат», «Құрмет» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары, сондай-ақ президенттің «Алғыс» хаты табысталды.
Марапатталғандар тізімі:
- Жұбай Иманбай – «Парасат» ордені
- Иманбаева Алтын – «Құрмет» ордені
- Маханова Зұлхаят – «Құрмет» ордені
- Мүптекеқызы Бағдатхан – «Құрмет» ордені
- Перзадаева Фируза – «Құрмет» ордені
- Үсен Серік – «Құрмет» ордені
- Асанбаев Болатбек – «Ерен еңбегі үшін» медалі
- Асхарова Лариса – «Ерен еңбегі үшін» медалі
- Жақашов Тоқтар – «Ерен еңбегі үшін» медалі
- Ишмухаметов Наиль – «Ерен еңбегі үшін» медалі
- Костомаров Олег – «Ерен еңбегі үшін» медалі
- Қазиева Лимара – «Ерен еңбегі үшін» медалі
- Нездемковский Александр – «Ерен еңбегі үшін» медалі
- Әлтай Баян – «Шапағат» медалі
Бұған дейін Түркістан және Алматы облыстарында БАҚ өкілдеріне президент атынан пәтер кілттері табысталған еді.
Дереккөз: Zakon.kz