...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 23 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Алматыда 1 шілдеге қарай әлеуметтік қолдау саласында 23 460 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның негізгі бөлігі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы ұсынылған. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Негізгі бағыттардың бірі – жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету. 1 шілдеге қарай АӘК-ті 1 393 отбасы (7 мыңнан астам адам) алған. Сондай-ақ АӘК мұқтаждықты бағалау және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмысқа орналастыру шартымен жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, АӘК алатын және 1 мен 6 жас аралығындағы балалары бар отбасыларға 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша ақшалай төлем беріледі.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, қалада аз қамтылған азаматтарға коммуналдық қызметтерге жұмсалған шығындар отбасы табысының белгіленген үлесінен асып кеткен жағдайда тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Жыл басынан бері мұндай көмекті 657 отбасы алған.

Дереккөз: Almaty.tv