Алматыда «Наркостоп» жобасы аясында жыл басынан бері 110-нан астам профилактикалық іс-шара өткізіліп, оған 20 мыңнан астам жас қатысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, есірткінің интернетте таралуына қарсы күреске ерекше көңіл бөлінуде. Бірлескен жұмыс нәтижесінде 797 интернет-ресурс бұғатталып, 18 мыңнан астам есірткі граффитиі жойылды.
Биыл жобаны оңалту-әлеуметтендіру бағытымен толықтырды. Қатысушылар үшін қыш бұйымдарын жасау және қолданбалы шығармашылық бойынша шеберлік сабақтары, сондай-ақ анонимді алкоголиктер мен тәуелділер қоғамдастығымен кездесулер ұйымдастырылды. Жаңа форматпен 110-нан астам адам қамтылды.
Жоба есірткі қылмысының алдын алуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жастарды әлеуметтік маңызды бастамаларға тартуға бағытталған.
Дереккөз: Almaty.tv