...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда бір күнде екі жаяу жүргінші жол апатынан қаза тапты

Алматыда бір күн ішінде жаяу жүргіншілердің қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Мегаполис полиция департаментінің мәліметінше, екі жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші көз жұмды. Осыған байланысты полиция қала тұрғындарына жол қозғалысы ережелерін сақтауға және өмірлерін қауіпке тікпеуге шақырды.

Ведомство жаяу жүргіншілер де жүргізушілер сияқты жол қозғалысының толыққанды қатысушылары екенін еске салды. Дегенмен, көпшілік әлі де жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерлерден кесіп өтеді, қауіпсіздікке көз жеткізбей жолға шығады немесе бағдаршамның тыйым салатын сигналдарын елемейді.

Полиция деректері бойынша, жыл басынан бері Алматыда жаяу жүргіншілерге 24 рет соққы тіркелген. Бұл апаттар салдарынан 23 адам жарақат алса, тағы екі адам қаза тапты. Ведомствоның атап өтуінше, жол-көлік оқиғаларының едәуір бөлігі жаяу жүргіншілердің өз кінәсінен болған.

Полицейлер барлық жол қозғалысы қатысушыларын барынша сақ болуға және жолдағы бір қателік қайғылы салдарға әкеліп, бірнеше адамның өмірін өзгертуі мүмкін екенін есте сақтауға шақырды.

Дереккөз: Inalmaty.kz