...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 23-24 сәуірде күшті жауын-шашын күтіледі: қалалық қызметтер күшейтілген режимге көшті

Алматы әкімдігі қала тұрғындарын алдағы екі күнде ауа райының күрт нашарлайтынын ескертті. 23-24 сәуірде күшті жаңбыр мен найзағай күтіледі, қалалық коммуналдық қызметтер күшейтілген дайындық режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 23 сәуірде сағат 15:00-ден бастап жауын-шашын басталады, ал сағат 17:00-ден кейін кей жерлерде қатты жаңбыр мен желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. 24 сәуірде де жаңбыр, кей жерлерде қатты жауын-шашын мен найзағай күтіледі. 25 сәуірде айнымалы бұлттылық пен қысқа мерзімді жауын-шашын болады.

Су басу қаупін болдырмау үшін қалалық қызметтер тәулік бойы кезекшілікке көшірілді. Жалпы қала бойынша тәуліктік жұмысқа 2,7 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1,2 мыңнан астам техника жұмылдырылды.

«Жұмыс тәулік бойы ұйымдастырылған. Барлық қызметтер ауа райы жағдайының өзгеруіне жедел ден қоюға және қаланың қауіпсіз тіршілігін қамтамасыз етуге дайын», — делінген әкімдік хабарламасында.

Сонымен қатар, Алматы қалалық Құтқару қызметі мен ТЖД бөлімшелері кезекшілік атқарады.

Дереккөз: Nur.kz