...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 22-ші Халықаралық PR-форум өтті: сенім мен беделдің маңызы

Бүгін Алматыда 22-ші Халықаралық PR-форум мәресіне жетті. Іс-шара Қазақстан мен өңір елдерінің PR-қауымдастығы өкілдерін коммуникация рөлі, соңғы трендтер және саланың өзекті мәселелерін талқылау үшін біріктірді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Форумның басты тақырыбы – сенім, оның құндылығы мен компания беделін қалыптастырудағы маңызы. Қатысушылар екі күн бойы брендті кім басқаратыны, оған деген сенім қалай қалыптасатыны және ішкі-сыртқы қауіптер жағдайында беделді қалай басқару керектігін талқылады.

Форум бағдарламасы кең ауқымды тақырыптарды қамтыды. Қонақтар тек ақпараттық презентациялар, трендтік PR-кейстер мен қызу пікірталастарға ғана емес, сонымен қатар интерактивті сессияларға да қатысты. Ол жерде олар кәсіби дағдыларын шыңдап, пресс-релиздер дайындау, фото-бейнематериалдар жасау, презентациялар әзірлеу және екінші реттік деректерді талдау бойынша жаңа білімдерін бірден қолдана алды.

Дәстүр бойынша PR-форум аясында ұлттық корпоративті медиа байқауының жеңімпаздарын марапаттау, BEST PR PRACTICE конкурсының жеңімпаздарына сыйлықтар табыстау, сондай-ақ саланың дамуына қосқан үлесі үшін марапаттау рәсімі өтті. Бұл марапат «PR-шы» клубы мен ҚР Қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық ассоциациясының (НАСО) 25 жылдығына орайластырылды.

«Бүгінде сенім кез келген брендтің басты материалдық емес активіне және тұрақты беделдің негізгі факторларының біріне айналып отыр. Сондықтан биылғы форумның күн тәртібінде – тез өзгеретін ақпараттық ортада сенім орнатудың практикалық құралдары. PR-форум алаңы жетекші сарапшыларды, бизнес өкілдерін және кәсіби қауымдастықты саланы дамытуда ашық диалог, тәжірибе алмасу және жаңа шешімдер іздеу үшін тағы да біріктіргеніне қуаныштымыз», – деп атап өтті Қазақстан баспасөз клубы/PG Communications коммуникациялық тобының президенті, «PR-шы» клубының негізін қалаушы және ҚР НАСО кеңесінің төрайымы Әсел Қараулова.

Дереккөз: Nur.kz