...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 21,9 млн теңгеге алаяқтық жасады деген күдіктілер ұсталды

Жамбыл облысындағы қылмыстық іс аясында Алматыда 21,9 млн теңгеге алаяқтық жасады деген екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы полиция департаментінің киберқылмыспен күрес басқармасы мен тергеу басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Алматыда алаяқтық жасады деген екі күдіктіні ұстады.

Тергеу анықтағандай, күдіктілер логистикалық компанияның қызметкерлері ретінде танылып, теміржол вагондарын беру сылтауымен жәбірленушінің сеніміне кірген. Осылайша олар оның 21 млн 883 мың теңге сомасындағы ақшасын иемденген.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соттың санкциясымен күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу шаралары жалғасуда.

Бұған дейін 238 млн теңгені жымқырды деген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланғаны хабарланған болатын.