...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 16-17 мамырда қолөнер жәрмеңкесі өтеді: қандай шеберлер қатысады

16-17 мамырда Алматыда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан шеберлерінің қатысуымен қолөнер жәрмеңкесі өтеді. Қонақтарды қолдан жасалған бұйымдар, авторлық кәдесыйлар және халықтық қуыршақ жасау бойынша шеберлік сабақтары күтеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жәрмеңке сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Жібек Жолы даңғылының Желтоқсан мен Чайковский көшелері аралығындағы учаскесінде, Әуежай ауданының маңында өтеді. Алаңда Орталық Азия елдерінің шеберлері өз өнімдерін ұсынады. Қонақтар дайын жұмыстарды сатып алып, жеке тапсырыс бере алады.

Сонымен қатар, келушілер үшін халықтық қуыршақ жасау бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Шығармашылық сабақтар арнайы шатырда сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін өтеді.

Дереккөз: Inalmaty.kz