
Алматыда қуаты тәулігіне екі мың тонна қоқыс өңдейтін, қала энергия жүйесіне 60 МВт электр қуатын беретін зауыт салынады. Жоба құны 130 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Зауыт қоқыс жағу арқылы электр энергиясын өндіреді. Бұл Алматының қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесін шешуге және энергия тапшылығын азайтуға көмектеседі.
Дереккөз: Inalmaty.kz